24 тамызда ARTBAT Fest аясында Берлинде тұрып, жұмыс істейтін белгілі поляк суретшісі Рената Рара Каминсканың жеке көрмесі ашылады. Шара Egin Art Space кеңістігінде сағат 19:00-де басталады.
26 тамызда Каминска куратор Юлия Сорокинамен "Роза Люксембургтен кейінгі фауна мен флора үшін демократия?" тақырыбында артист-ток өткізеді. Өтетін орны Egin Art Space, басталу уақыты – 14:00.
Каминска бірнеше мұражайлардың беделді көрмелеріне және тәуелсіз өнер іс-шараларына қатысты: Franz Gertsch (Burgdorf/Bern), OP ENHEIM (Wroclaw), Museum of Paper (Berlin), Tres Chien, Esh (Luxemburg), Public sculpture at Tempelhof Feld (Kulturbüro, Berlin), Benetton Collection (Venezia). Оның белсенділігі саяси араласу, отарсыздану айналымы, әйелдер және басқа азшылық топтарының құқықтары, отарсыздану мен экологиялық мәселелерді қамтиды.
Ресейдің отаршылдық саясаты, Украинадағы соғыс, КСРО-дан шыққан елдердегі деколониялық дискурс Каминсканы Орталық Азияға әкелді. Қазақстан оған салт-дәстүрді сақтап қана қоймай, модернизацияны өз мақсаттарында жалғастыратын ел ретінде көрінеді. Суретші көрнекі бейнелерді – «инвазивті» деп аталатын өсімдіктердің мүсіндік нысандарын – сирек кездесетін африкалық реликті ағаш түрлерінен шпонның жұқа жолақтарын пайдалана отырып, өз көрмесіне отаршылдық мәселесін негізге алады. Экожүйедегі техногендік өзгерістер метафорасы антропоцен дәуіріне тән табиғатты сақтау сұрақтарын ғана емес, сонымен қатар империялардың отаршылдық саясатына қарсы тұру саяси стратегияларын қозғайды.
Көрме 17 қыркүйекке дейін сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Сенбі және жексенбі күндері Egin Art Space алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді, дүйсенбі күні жұмыс істемейміз.